Жаңалықтар

Қоғамдағы әйел рөлі: Таразда «Әйел бейнесі — қоғам» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл шара – қоғамдағы әйелдің алатын орны, қазіргі қазақ әйелінің бейнесі, оның отбасы мен әлеуметтік саладағы, саясат пен бизнестегі рөлі туралы ой бөлісетін алаң.

Шараға келген қонақтар №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Бибазарова Қарлығаш Жалғасқызы, Жамбыл обл маслихатының депутаты, “Шебер шаңырақ” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, “Әдемі қыз жасау” тігін цехын қалаушы Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы, «AMANAT» партиясы облыстық филиал төрағасының кеңесшісі Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы, кітапхана ардагері Ералиева Шайзада қатысып, қоғамдағы әйелдің рөлін дәріптеу, ананың мейірімін, қазақ қызының сұлулығы мен парасатын паш ету, қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесін таныту, жастарды ізгілік пен сыйластыққа баулу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағыттау мақсатында білімгерлермен әңгіме өрбітті.