Жаңалықтар

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері дабыл белгісі бойынша көтерілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері кезекті рет дабыл белгісі бойынша көтерілді.

Бұл күні қызметкерлердің сырт келбеттері, нысанды киімдері мен шаш үлгілерінің талапқа сай болуы тексерілді. Ал сапқа тұру барысында олардың қызметтік куәліктерінің шені мен лауазымдарына сәйкестігі пысықталды. Бұдан бөлек жеке құрам қызметкерлерінің дабыл сөмкелерінің толықтай жабдықталуына мән берілді. 

Айта кетейік, мұндай шаралар жұмыс тәртібін нығайтуға, аз уақыт ішінде жеке құрам қызметкерлерін ұйымдастыруға және ҚАЖ қызметкерлері арасында тәртіпті қатаң сақтауға өз септігін тигізеді.