Жамбылдық боксшы Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионы атанды
Әйгерім Сәттібаева — Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды arainfo.kz
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен финалда Жамбыл облысының боксшысы Әйгерім Сәттібаева жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева бес баланың анасы. Бірнеше жылдық үзілістен кейін қайтадан рингке оралып, ерекше табандылық пен жігердің арқасында Қазақстан чемпионы атанды.