Таразда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Таразда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Таразда 14 қазанда әуежайда "Дабыл–Антитеррор–2022" жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтуде, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
Әуежай аймағында да көліктердің қозғалысы шектеледі. Сағат 09:00-де «Әулие-Ата» әуежайында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «Дабыл-Антитеррор-2022» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізуде. Штабта атап өтілгендей, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісіне тосқауыл қою, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту.