Жүргізуші куәлігін енді онлайн алуға болады
Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект министрлігі бірлесіп, жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру процесін толықтай онлайн форматқа көшіруге бағытталған пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды arainfo.kz
Енді өтінімді Egov.kz, EgovMobile, ХҚКО, банктердің және «Автошкола» жүйесінің платформалары арқылы беруге болады. Процесс медициналық анықтамаларды, оқу деректерін және емтихан нәтижелерін автоматты түрде тексеруді қамтиды.
Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. Осы мерзімде жүргізуші куәлігін алу мен ауыстыру өтінімдері «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарында қабылданбайды (шетелдік куәлікті ауыстырудан басқа).
Бұйрық 2025 жылғы 16 қазанда күшіне енді.