Жаңалықтар

Тоқаев: Кейбір елдерде арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр

Тоқаев: Кейбір елдерде арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы өшпенділік пен этносаралық араздық туралы айтты, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңызы артып келеді. Тоқаевтың сөзінше, дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар бен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе мемлекет қайраткерлерінің саяси жауапкершілігіне де байланысты екенін баса айтты.