Редакциямен тығыз байланыстамын
«АR-AI»-дың алғашқы санының жарық көргеніне де көзді ашып-жұмғанша 20 жыл толыпты. Бұл – өңір мәдениетіндегі, руханиятындағы маңызды оқиғалардың бірі.
Бүгінгі таңда мыңдаған оқырманның сүйікті басылымына айналған «АR-AI» газеті еліміздің болашағы – жастарға ұлттық құндылықтарға толы тәлім-тәрбие берумен қатар, облыстың экономикасын, әлеуметтік жағдайын, мәдениеті мен өнерін, спорттан жеткен жетістіктерін жан-жақты насихаттап келеді.
Киелі Жамбыл жерінің өткен тарихы, ертеңгі болашағы, ерен істерімен елді сүйсінткен жастардың өнегелі де игі бастамалары басылым беттерінен орын алып, оқырмандарынан оң бағасын алуда.
Жамбыл жерінен түлеп ұшқан журналист, жазушының бірі ретінде «АR-AI»-дың шығармашылық ұжымымен жиі хабарласып тұрамын. Тұрақты авторларының бірімін.
Иә, «АR-AI»-дың ертеңі арайлы.
Әріптестерімді 20 жылдық мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, үлкен шығармашылық табыс тілеймін.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК,
жазушы-режиссер,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері