Жамбыл жаңалықтары

Салық саясаты түсіндірілді

Кеше Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев облысымызға жұмыс сапарымен келді. Вице-министр алдымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетіне ат басын бұрды. Онда Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша жиын өтіп, экономикалық саясаттың жаңа бағыттары мен салық жүйесіндегі жаңашылдықтар кеңінен талқыланды. Аталған жиынды облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып, жүргізді.