Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров «AR-AI» газетінің 20 жылдығымен құттықтады
Абыройлы қызмет ете беріңіздер!
Облыстық «AR-AI» жастар газетінің ұжымы мен оқырмандарын осы басылымның 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Редакцияның алғашқы күннен бастап елмен етене еңбек етіп, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялап келе жатқаны бәріміздің көз алдымызда. Өзім де талай рет осы басылымға сұхбат беріп, тілшілермен кездескен сәттерімді зор қуанышпен еске аламын.
Шығармашылық топ осы жылдар аралығында Жамбыл облысының тұрғындарына, әсіресе жастарға зор қызмет етіп келеді. Газет бетінде өңір жастарының тыныс-тіршілігі, өмір салты, жеткен жетістіктері үздіксіз жазылып келеді. көрсетіп, Сол үшін де шынайы ризашылығымды білдіремін.
«AR-AI» газетінің редакциясына және тұрақты авторларына зор денсаулық пен абырой, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілеймін! Халықтың сенімін ақтап, ел алдында абыройлы қызмет ете беріңіздер!
Мұқаш Ескендіров,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты