«AR-AI» газетіне – 20 жыл: Қордай ауданының әкімі жылы лебізін білдірді
Құрметті «AR-AI» газетінің ұжымы!
Сіздерді ақпарат айдынында өз орны бар, өңір халқына сапалы жаңалық пен салмақты сараптама ұсынып келе жатқан «Арай» газетінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
«Арай» газеті екі онжылдық бойы өңір жастарының үнін жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастыруда, отаншылдық рухты насихаттауда, жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруда айрықша рөл атқарып келеді.
Бүгінде газет тек жаңалық жеткізуші ғана емес, жастардың бастамаларын қолдайтын, тәрбие мен тәртіпке үндейтін, елдік мүддені ту еткен ақпараттық алаңға айналды. Осы уақыт аралығында қалыптасқан кәсіби ұжымның жауапкершілігі мен ізденісі, халықпен байланыс орнатудағы ашықтығы – Сіздердің басты жетістіктеріңіз.
Қордай ауданының тыныс-тіршілігін, өңірде жүзеге асырылып жатқан игі бастамаларды бұқараға шынайы жеткізіп, жергілікті халық пен билік арасындағы ашық байланыс көпірі бола білгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Алдағы уақытта да ақпарат кеңістігінде жарқын жетістіктерге жетіп, оқырман құрметі мен сенімінен айнымай, шығармашылық табыстарға кенеле берулеріңізге тілектеспін.
Қаламдарыңыз ұштала берсін, беделдеріңіз биік болсын!
Бегзат Болатбек,
Қордай ауданының әкімі