Жаңалықтар

Жамбыл облысында «тұзбен рәсім жасаған» әйелге айыппұл салынды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында мектеп дәлізінде тұз шашқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Аудандық соттың мәлімдеуінше, азаматша У. орта мектептің дәлізінде және директор кабинеті алдында тұз шашып, қоғамдық орынды ластаған. Ол мұғалім болып жұмысқа орналасқысы келгенін, бірақ жолы болмай, «тұзбен қадам жасау көмектеседі» деп ойлағанын түсіндірген.

Сотта әйел кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Істі қараған судья Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оған 27 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.