Жаңалықтар

Жазасын өтеушілер кіші футболдан сынға түсті

Пенитенцианарлық жүйеде жазасын өтеушілерді түзелудің жолына түсірудің бір тетігі – спорттық-мәдени іс-шаралар.

Бұл күнде сотты болғандардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың бойында адамгершілік тәрбие мен моральдық-этикалық түсінікті арттыру мақсатында мұндай шаралар жүйелі түрде өткізілуде.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жазасын өтеуші азаматтар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Бұл  күні арнайы контингент өкілдері екі командаға бөлініп, жасыл алаңда өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысында жеңімпаз құрама мекеме әкімшілігі тарапынан марапатқа ие болды.