Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған.

Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты.