Заң

8 тоннадан аса есірткі тәркіленді

Облыстық полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі түрде іске асырып келеді.

2025 жылдың 9 айында полиция департаментімен 434 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 8 тонна 745 келі есірткі заты тәркіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 тонна 651 келіге көп.

Шу алқабынан есірткінің шығарылуына жол бермеу мақсатында Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстары бағытында мобильдік топтар қойылды. Нәтижесінде 16 есірткі тасымалы арнасы тоқтатылып, 380 келіден астам марихуана мен 150 келі гашиш тәркіленді, 18 адам ұсталды.

Трамадолды заңсыз сату фактісімен айналысқан 8 адамнан құралған ұйымдасқан топ әшкереленді.

Синтетикалық есірткілермен күреске ерекше назар аударылуда. 13 адам ұсталып, 9 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленді.

Сонымен қатар есірткі зертханасын ұйымдастырған Ресей Федерациясының екі азаматы ұсталып, 8 келіден астам «Мефедрон», 2 тоннадан астам прекурсорлар мен арнайы құрал-жабдықтар алынды.

Алдын алу шаралары аясында 62 мыңнан астам оқушыны қамтыған 815 профилактикалық іс-шара өткізілді.

1 маусымнан 30 қазанға дейін «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. 6 399 гектар (3 870 тонна) жабайы қарасора ору арқылы жойылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп.

«Дәрмек» жедел іс-шарасының үш кезеңінде 3 қылмыстық және 68 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 9 мыңнан астам «Трамадол» ампуласы есепсіз айналымда болғаны белгілі болды, 33 897 тонна прекурсор және 6 мыңнан астам психотроптық және есірткі препараттары тәркіленді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі