Жаңалықтар

Мемлекет басшысы былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты

Президент аймақ пен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастықтың бірқатар өзекті бағытына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Бірінші басымдық ретінде сауда және индустриалды қарым-қатынасты дамытуға тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар сауда кедергілерін жоюды, өзара сауданы жандандыруды және тауар айналымы номенклатурасын кеңейтуді қолдайды.