Жаңалықтар

Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімді қолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер нәтижесінде Газа секторында қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы қол жеткізілген келісімді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер нәтижесінде Газа секторында қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар және Түркия елдерінің араағайындық миссиясының табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға бағытталған келіссөздерге АҚШ, атап айтқанда Президент Дональд Трамп бастаған тараптың маңызды үлес қосқанын атап өтті.