Денсаулық

Шығыстың ұлы ойшылы

Тараз қалалық Абай атындағы орталық кітапханада «Bookdating» жобасы аясында шығыстың ғұлама ойшылы, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған «Шығыстың ұлы ойшылы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

«Bookdating» – кітапсүйер қауымның зияткерлік алаңы. Бұл жоба әртүрлі тақырыптар мен бағыттардағы кітаптарды талқылайтын заманауи әрі тиімді платформа болып табылады. Жобаның мақсаты – білімді қауымды біріктіру, отандық авторларды қолдау, сондай-ақ оқырмандар арасында өздері ұсынған кітаптарды оқу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында алғашқы сөз Тараз қалалық №46 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Меруерт Юсуповаға берілді.

Сондай-ақ Меруерт Ізбәкірқызы конференцияға қатысып отырған колледж студенттеріне әл-Фарабидің еңбектеріне қатысты сұрақтар қойып, кей тұстарын өзі толықтырып, түсіндіріп отырды.

Келесі кезекте филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ сөз сөйледі.

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Алдаберді Мақашев та өз пікірін ортаға салды.

Конференция соңында «Әл-Фараби – әлемнің ұлы ойшылы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

                                                                                 Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ,

                                                                 Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы