Қазақстанда 29 мың гектарға жуық алма бағы бар
БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының (ФАО) 80 жылдығы мен Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай Астана қаласында Алма фестивалі өтті. Іс-шара Ауылшаруашылығы министрлігі мен ФАО Нидерланд Корольдігі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальге дипломатиялық корпус өкілдері, фермерлер, аграрлық сектор сарапшылары және студенттер қатысты.