Тараздағы мектептерге қатысты жалған хабарлама бойынша тергеу басталды
Әлеуметтік желілерде тараған «қорқыту туралы» мәліметтер шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды arainfo.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған «мектептерге қауіп төніп тұр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Аталған дерек бойынша көрінеу жалған хабар тарату фактісі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция таратылған мәліметтің ешқандай негізі жоқ екенін атап өтті. Өткен жылы да Қазақстанның өзге өңірлерінде және көршілес елдерде осыған ұқсас жалған хабарлар тіркелгенімен, ешқайсысы расталмаған.
Департамент білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлап, азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.