Мәдениет

Таразда «Салтанат» ансамблінің 70 жылдығына орай «Би керуені» өтті

Таразда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығына арналған «Би керуені» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Кеш барысында ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Өмірқұл Айниязов «Қазақстан – атамекенім», «Бір шәугім шай» әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жайна Тарғынова халық әні «Ақ ерке» мен Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» туындыларын шырқап, залды ерекше әсерге бөледі.

«Би керуені» жобасы аясында Таразда би өнерінің майталмандары шеберлік сағаттарын өткізіп, қатысушыларға тегін сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.