Жаңалықтар

«Қайрат» – «Жетісу» матчынан кейін қос бапкер мәлімдеме жасады

Алматылық «Қайрат» пен талдықорғандық «Жетісу» арасындағы ойыннан кейін екі команданың бас бапкерлері журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz

Талдықорғандық команданың жаттықтырушысы Самат Смақов жеңілісті мойындап, жауапкершілікті өзіне алды. Оның айтуынша, матчтан кейін пікір білдіру оңай болған жоқ. Ол тактикалық жоспардың дұрыс таңдалмауы мен қорғаныстағы өрескел қателіктер жеңіліске әкелгенін мойындады. Бапкердің сөзінше, бұл ойында «Қайрат» айқын басымдық танытып, қарсыласты ойсырата жеңді. Сондай-ақ Смақов алматылықтарды қазіргі таңда Қазақстандағы ең мықты команда деп бағалады.

Ал «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашыларға сыйлыққа беріліп жатқан көліктерге байланысты пікір білдірді.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасында ерекше ойынымен көзге түскен қақпашылар Шерхан Қалмұрза мен Темірлан Анарбеков кәсіпкерлерден автокөлік алған болатын.

Алдағы уақытта «Қайрат» 21 қазанда Чемпиондар лигасында «Пафоспен», 26 қазанда ҚПЛ аясында «Астанамен» кездеседі.