Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды arainfo.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС алдын ала мәліметі бойынша, 2025 жылғы 6 қазан күні сағат 01:29-да (Астана уақыты) жер сілкінісі болды.
Дүмпу Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында сезілген.
Зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 465 км оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.Координаттары: 42.270° с.е., 71.378° ш.б., тереңдігі — 10 км, магнитудасы MPV 5.9.
Алдын ала бағалау бойынша дүмпу күші:
Жамбыл облысы (Тараз, Сарыкемер, Аса, Бауыржан Момышұлы ауылы) – 4 балл,
Түркістан облысы (Тұрар Рысқұлов, Ленгер, Сайрам, Шымкент) – 3 баллға дейін,
Кейбір аудандарда – 2 баллға дейін.