Жаңалықтар

Бұрынғы Жамбыл облысының прокуроры жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің Х парақшасында Құқық қорғау органдары академиясының жаңа ректорын таныстырды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл қызметке 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды. Ол бұған дейін өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор.

Берік Асылов Академия алдына бірнеше маңызды міндет қойды:

білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту;

жасанды интеллектті қолдана отырып, киберқылмыс пен заманауи қатерлерге қарсы тұра алатын құқық қорғау қызметкерлерін даярлау;

ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын арттыру;

Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделін күшейту;

курсанттарда тәртіптілік пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеу;

шетелдік бейінді оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту.