Жаңалықтар

Қазақстанда 1,3 млрд теңгеге залал келтірген заңсыз майнинг фермалары анықталды

2024 жылдың басынан бері Қазақстанда заңсыз майнингке қатысты 17 қылмыстық іс тіркеліп, мемлекетке 1,3 млрд теңге залал келген, деп хабарлайды arainfo.kz

2024 жылдың басынан бері Қазақстанда заңсыз майнингке қатысты 17 қылмыстық іс тіркеліп, мемлекетке 1,3 млрд теңге залал келген.

Ең көп заңсыз майнинг фермалары Астанада – 6, Шымкент пен Қостанайда – 3 жағдайдан анықталды. Тергеу барысында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленген.

Айта кетерлігі, бес ферма электр энергиясын заңсыз пайдаланып келген. Олардың тұтынған қуаты тұтас бір ірі қаланың шығынымен тең. Бұл тек ресурстардың ысырап болуына емес, тұрғындардың тыныштығына да зиян тигізген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы үш жылда заңды майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.

Агенттік майнингпен айналысу тек лицензия негізінде ғана рұқсат етілетінін еске салады. Жабдықтың сәйкестігі, энергиямен жабдықтау шарты және салық міндеттемелері орындалуы тиіс.

Заңсыз майнинг қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, елдің экономикалық қауіпсіздігіне және энергия жүйесіне зиян тигізеді.

Агенттік азаматтар мен кәсіпкерлерді заңсыз әрекеттерден бас тартып, цифрлық активтердің ашық нарығын дамытуға шақырды.