Жаңалықтар

Түрік актері Бурак Өзчивит Қазақстанға келді

Түркияның танымал актері Бурак Өзчивит Ақтауға Түркі әлемі елдерінің "Қорқыт ата" халықаралық кинофестиваліне қатысу үшін келді, деп хабарлайды arainfo.kz

Шара аясында актер қызыл кілемнен өтіп, қазақ халқына қонақжайлығы үшін алғыс айтты. Сонымен бірге 2 қазанда жанкүйерлерімен кездесу жоспарланған.Алайда оған тек алдын ала аккредитациядан өткен алғашқы 200 адам ғана қатысады.

Фестиваль 1 қазанда ашылып, 4 қазанға дейін жалғасады. Шараның салтанатты ашылуы «Достық үйі» алдындағы алаңда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Өзчивиттің келуі фестивальдің ең жарқын оқиғаларының бірі болды.

Айта кетейік, Бурак Өзчивит «Ғажайып ғасыр», «Қаракөз бұлбұл», «Мәңгілік махаббат», «Османның қайта өрлеуі» сияқты сериалдардағы рөлдері арқылы әлемге танылды.