Әлеумет

Қарттар күні аталып өтті

1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазасын өтеушілердің қатысуымен мәдени іс-шара өтті.

Мекеме әкімшілігінің ұйытқы болуымен өткен шараның басты мақсаты – қазыналы қарттарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін нығайту. 

Шара барысында арнайы контингент өкілдерінің бірі домбыра тартып ән айтса, өзгелері дойбы мен үстел теннисінен өзара сынға түсті.