Қоғам

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қарттар үйіне барды

Халықаралық Қарттар күніне орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері облыс орталығындағы қарттар үйіне арнайы барып, ондағы ата-әжелерді мерекелерімен құттықтады.

Осы күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов бастаған бір топ қызметкерлер құр қол келмеген. Олар қарияларға себет толы жеміс-жидек, аса қажетті азық-түлік пен гигиеналық заттарды табыс етті.

Жылы жүздесуде Жәнібек Жамалбекұлы әрбір ардагердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері сондай-ақ тәлім-тәрбиелері бүгінгі жастарға қашанда үлгі болып қала беретінін атап өтті. Ол өз сөзінде егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазыналы қарияларымыздың еселі еңбегіне тоқталып, амандық саулық тіледі.