Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін атап өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

 

Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды.

Мемлекет басшысы бүгінгі басқосу «Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер және сын-қатерлер» тақырыбына арналатынын айтты. Президенттің пікірінше, біз қазір түбегейлі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жасанды интеллект бүгінде экономиканың, мемлекеттік басқару жүйесінің, ғылымның, ең бастысы, білім беру саласының келешегін айқындауда.