Шу өңіріндегі шаттық
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданының 95 жылдығы мен Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада құттықтау сөз сөйледі.
Қос мерейтойды атап өтуге елге танымал азаматтар, ардагерлер, қоғамдық кеңес өкілдері және жергілікті тұрғындар жиналды.
Қонақтар алдымен ақ шаңқан киіз үйлерге кіріп, ұлттық бұйымдар мен көрмелерді тамашалады.
Мерекелік шарада мемлекет және қоғам қайраткері Бөрібай Жексенбин, Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген кәсіпкер, техника ғылымдарының кандидаты Марат Нәбиев және Балуан Шолақтың немересі Шайдулла Шолақов құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілектерін арнады.
Кеш соңында өнерпаздар арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қос мерейтой аясында қазақ күресінен республикалық ашық турнир, жастар арасында «Мәре» көкпар сайысы және бәйгеден облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, «Атадан ұл тумайды мендей сабаз» атты ғылыми конференция аясында «Қазақтың Балуан Шолағы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі