Жаңалықтар

Қазақстанда енді үш банк клиенттері бір QR арқылы төлем жасай алады

Жаңа сервиске Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank және Freedom Bank қосылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Енді тұтынушыға сауда жасарда әр банкке жеке QR қажет емес. Бар болғаны мобильді қосымшасына кіріп, сатушы терминалындағы кодты сканерлеп, төлемді растауы жеткілікті.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, банкаралық QR төлемдер төлем инфрақұрылымын жеңілдетіп қана қоймай, қаржы ұйымдарының өзара ықпалдастығын арттырады. «Бұл – тұтынушы үшін ыңғайлылық, банк жүйесі үшін жаңа серпін», – делінген ресми хабарламада.

Реттеуші алдағы уақытта басқа банктер де процестерін бейімдеп, жүйеге қосыла алатынын мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы Тимур Сүлейменов барлық банк жалпыұлттық QR төлем жүйесіне қосылуы қажет екенін ескерткен болатын.