Жамбыл жаңалықтары

Жамбылда 78 мың гектар егістік уақтылы сумен қамтамасыз етілді

Жамбыл облысының шаруалары биылғы вегетация кезеңінде тұрақты түрде сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды arainfo.kz

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы өңір диқандарына 1,024 млрд текше метр су жеткізіп, жалпы саны 3 903 келісімшарт жасалды. Нәтижесінде 78,3 мың гектар егіс алқабы суарылды.

Келісімшарт аясында облыста негізінен көпжылдық шөптер, көкөністер мен жүгері өсірілуде.

Шаруалар өнімнің сапасына риза екенін айтып, уақытылы су жеткізген Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыстарын білдіруде.

Ал қожалықтың жетекшісі Бақытгүл Қадирова да биылғы нәтиженің былтырғыдан әлдеқайда жақсы екенін айтты:

Соның нәтижесінде Жамбыл облысы диқандары құрғақшылық жылында да мол өнім жинап отыр.