Жаңалықтар

Мойынқұм ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ермек Карентаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Ауыл ақсақалдары спорт кешенінің лентасын қиып, елге ақ баталарын берді.

Кешен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Жобаның жалпы құны – 359,2 млн теңге. Екі қабатты ғимаратта балалар мен жасөспірімдер күрес, бокс, футбол, баскетбол және волейбол секілді спорт түрлерімен айналыса алады.

Аудан әкімдігінің дерегінше, бүгінде Мойынқұмда 154 спорт нысаны бар. Олардың қатарында 3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спорт залы және 118 спорт алаңы бар. Жаңа нысанның ашылуы нәтижесінде спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 76,2 пайызға жетті. Ал аудан тұрғындарының 41,9 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады.