Жаңалықтар

Қанатбек Мәдібек ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды

1977 жылы дүниеге келген Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлайды arainfo.kz

Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған ол кейін Сарысу ауданы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары Жаңаарық ауылдық округінің әкімі болды. 2006-2012 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі және аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылы Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды. Кейін облыстық табиғи ресурстар басқармасында басшының орынбасары, ҚР Энергетика министрлігінің Экология департаментінде басшы қызметтерін атқарды.

2019-2020 жылдары Сарысу ауданының, 2021 жылы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қыркүйекке дейін Талас ауданының әкімі лауазымын атқарған.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Мәдібек Қанатбек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінде.