Жаңалықтар

Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

30 қыркүйекке қараған түні Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz

Сондай-ақ түнде оңтүстікте және таулы өңірлерде, күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары күйінде сақталады.

Тараз қаласында 30 қыркүйекке қараған түні найзағай күтіледі.

1-2 қазанда облыс аумағында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жауын-шашынның күшейуі ықтимал. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

1 қазан күні күндіз ауа температурасы 5-10° жылыға, таулы аудандарда 2° жылыға дейін күрт төмендейді.

2 қазанға қараған түні таулы және тау бөктерлі аудандарда 2° үсік күтіледі.

Тараз қаласында 1 қазан күні күндіз ауа температурасы 8-10° жылыға дейін төмендейді.

Төтенше жағдайлар қызметі Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.