Қазақстанда базарлар жұмысына қойылатын талаптар күшейтілді
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті базарлардың қызметін құқықтық реттеу бағытында бірқатар шараларды қабылдады, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, сауда қызметтерінің ұлттық стандарттары әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Санитарлық, өрт қауіпсіздігі, қала құрылысы, сондай-ақ сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына бірыңғай нормалар бекітілді.
Сонымен қатар, заңнаманың орындалуына бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралып, базарларға 11 жаңа талап қосылды. Бұл шара тексерулердің тиімділігін арттыруға бағытталған.