Жаңалықтар

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі қызметінен кетті

Оның орнына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымын атқарған Ғани Бектайұлы Бейсембаев Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Мәжіліс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді.

Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қаралып, оң шешімін тапты. Кандидатура "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес келісілді.