Президент сайлауы: Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды
Президент сайлауы: Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды
«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев әр тапсырма бойынша тақырыптарды өзі таңдады. Бірінші, жазба тапсырмада «Экология – бүгіннің басты мәселесі», екінші, ауызша оқу тапсырмасында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші, жұрт алдында сөйлеу тапсырмасы «Бабалар аманаты» тақырыбына өз ойын білдірді. Нәтижесі бойынша ойын еркін жеткізе алады, мәтін мазмұнын түсінікті жеткізді, тақырып идеясы ашылды. Бірақ емле қателері болды. Осыған сәйкес, лингвистикалық комисссия Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді меңгергенін дауысқа салғанда, комиссияның 1 мүшесі қалыс қалды, 5 мүшесі қолдады. Нәтижесінде ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген делінген қорытынды жасалды», - деп емтихан қорытындысын жариялады лингвистикалық комиссияның төрағасы Әділ Ахметов. Еске салайық, Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжат тапсырған болатын. Оның кандидатурасын «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.