Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша облыстық семинар өтті
Тараз қаласы №23 орта мектебінде Мемлекеттік Рәміздерді Заңнама талаптары аясында пайдалану және қолдану бойынша облыстық семинар өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Семинарға жергілікті атқарушы органдар, бөлім және мекеме басшылары, білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы Ш. Қашқынбек ҚР Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және қолдану, мемлекеттік ұйымдарда бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Сондай-ақ, семинар барысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысы және өзге де Заңнама нормалары түсіндірілді.