Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстанда 200 адамнан жоғары сыйымдылығы бар мәдени-бұқаралық іс-шараларда әншілердің фонограммамен өнер көрсетуіне тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт мәлімдеді. Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Депутаттың айтуынша, егер алаң арнайы техникалық жабдықталмаған болса, фонограмма қолдануға рұқсат етіледі. Ал үлкен концерттерде көрерменнің құқығы бірінші кезекте сақталуы тиіс.
Заңды бұзған жағдайда мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылады. Алдын ала болжам бойынша айыппұл көлемі 1000 АЕК мөлшерінде белгіленбек.