Әлеумет

Әзілің жарасса, әріптеспен ойна

«Тити екеуміз түкке түсінбедік»

2009 жылдың ерте көктемі. Сол жылы «Тараз»  футбол клубы бірінші лигадан Премьер - лигаға шыққан. Еліміздің  ең таңдаулы командаларымен тең дәрежеде ойнау үшін мықты команда жасақтап жатқан кезі. «Тараз» командасының бапкерлері мен ойыншылары БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізеді. Облыстық «Aр-Ай» жастар  газетінен сол жиынға Есет Досалы барыпты. Жиын  орысша өтіп, онша ештеңе түсіне алмай редакцияға қайтса керек. Бір түсінгені – командаға шетелдік легионердің   келгендігі.  Есет редакцияға кіріп барса, ұжымдастары өте көңілді  екен. Әсіресе, бас редактор қуанышты. Сол көңілмен Болат Бекжанов:

Сонда Есет жұлып алғандай жауап қайтарып:

Шынайы жауапқа  бастық та, басқалар да күліп жіберіпті.

 

«Президент пришол...»

Бір жылы облысқа еліміздің бірінші Президенті іссапармен келеді ғой. Есет Досалы пен Хамит Есаманның «Ар-Ай» газетінде еңбек ететін кездері.

Хамит сол Президент қатысатын маңызды жиналысқа кетіпті. Дәл сол кезде редакциядағы ортақ телефон безек қаға шырылдап, тұтқаны Есет көтеріп қалады. Арғы жақтан орысшалап Хамитті сұрап жатыр екен.

Сонда Есет :

 

«Сіздің ақшаңыз көп сияқты...»

«Ар-Ай»-дың бұрынғы тілшілері Есет Досалы, Нұрболат Әлдибек, Табиғат Абаилдаев үшеуі орталық стадионға «Тараздың» кезекті ойынына жанкүйер болуға бара жатады. Сол сәт алдарынан бір қайыршы шыға келіп, алақан жайыпты. Бұл үшеуінің қалтасында мардымды ақша жоқ екен. Ал, қайыршының алақанында бірнеше тиындар, тіпті бүтін 200 теңгеліктер бар көрінеді. Сонда Нұрболат: «Байқаймын, сіздің ақшаңыз біздің ақшамыздан көп сияқты ғой», -деген екен.

 

«Басымды қоя саламын»

Фототілшіміз Алтекең, яғни Алтынбек Қартабай өте ақкөңіл кісі. Редакцияда атаулы күн, қуанышты жиын бола қалса, ауыр аппаратын арқалап бәрімізді суретке түсіріп жүргені. Өзі көбінесе кадрдың сыртында қалады. Сондай сәттердің бірінде сол тұста бас редактордың орынбасары болып қызмет атқаратын Гүлнұр Ембердиева:

Сонда Алтекең:

 

«Шығармай күйдіресіз...»

Газеттің бұрынғы  бас дизайнері Маржан Өсерова суретке өте әдемі түсе алатын қабілетімен ерекшеленеді. Бірақ, Алтынбек ағасы талай рет суретке түсіріп, көбісін шығара бермейтін көрінеді. Сөйте тұра, Алтекең қарап жүрмей: «Біздің Маржан «фотогеничная» деп мақтайды екен. Сонда Маржан: «Алтынбек аға, суретке басасыз, басасыз... Бірақ, түк шықпайды ғой»,- депті.

 

«Маған да ұрсатын сияқты...»

Оралхан Дәуіттің «Ар-Ай»-дың бас редакторлығына жаңадан келген кезі. Жауапты хатшы Шолпан Бөгенбаева штаб бастығы. Жұмыс барысы солай болған соң, кейде қызметкерлерге дауыс көтеріп, ренжіп жататыны бар. Бас редактордың бөлмесі жауапты хатшының кабинетімен қатар, бәрі естіледі. Сонда бас редактор Орекең: «Осы Шолпан ашуланғанда мен де қыпылықтап отырамын. Қызды-қыздымен маған да ұрсып жіберетін сияқты»,- деп әзілдепті.