Үш мыңнан аса мектеп аттестациядан өтеді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы 3025 білім беру ұйымын мемлекеттік аттестациядан өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды arainfo.kz
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында аттестация жүргізді. Іс-шаралар білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен біліктілік талаптарының орындалуын бағалауға бағытталған.
Комитет төрағасы Серік Әшіровтың айтуынша, өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізген. Нәтижесінде мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарын уақытылы аяқтамауы және мектептердің материалдық-техникалық базасының талаптарға сәйкес келмеуі сияқты кемшіліктер анықталған.
Сондай-ақ бақылау іс-шаралары білім беру сапасын арттырумен қатар, педагогтердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.