Жамбыл облысында найзағай мен қатты жел күтіледі
24 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, деп хабарлайды arainfo.kz
Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 24 қыркүйек күні түнде таулы аудандарда найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Сондай-ақ, ТЖД мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында да 24 қыркүйек күні күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
ТЖД өкілдері тұрғындар мен қонақтарды ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.