Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
Мәскеуден табылған тарихи музыкалық жазбалар Ұлттық архивке өткізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде жаңа құнды мұра сақталуда. Мұнда сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әнінің сирек нұсқалары табылды.
Бұл жазбалар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен анықталған. Зерттеушілердің айтуынша, олар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген болуы мүмкін.
2024 жылы бұл мұралар ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілді.