Жаңалықтар

Жамбылдық оқушылар ЖИ арқылы әзірленген қазақ ертегілерін тамашалады

«Jambyl» телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып жасанды интелект (ЖИ) арқылы қазақ ертегілерінен мультфильмдер топтамасын әзірледі, деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгін шығармашылық ұжым жергілікті әкімдікпен, білім басқармасымен бірлесіп мектеп оқушыларына жабық көрсетілім жасады. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ардагерлер мен БАҚ өкілдері, мекеме басшылары,  телеарна ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.

ЖИ арқылы жасалған мультфильмдердің жалпы саны – 12, ұзақтығы – 20 минут.

Топтамаға «Қарлығаш пен Дәуіт», «Ақылды шыбын мен жалқау аю», «Түлкі мен тырна» сияқты танымал қазақ ертегілері енгізілген. 

Жаңа мультфильмдер оқушыларға ерекше әсер сыйлап, танымдық көкжиегін кеңейтті.