Енді кәсіпкерлер үшін банктен ақша алу ережесі өзгереді
Жаңа құжат қабылданса, кәсіпкерлердің банктерден қолма-қол ақша алу рәсімі өзгереді, деп хабарлайды arainfo.kz
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Жаңа құжат қабылданса, кәсіпкерлердің банктерден қолма-қол ақша алу рәсімі өзгереді. Қолданыстағы ережеге сәйкес, кәсіпкер қаражатты шешіп алар алдында оның жұмсалу мақсатын көрсетуге міндетті. Бұдан кейін банк мемлекеттік кіріс органына хабарласып, тек мақұлдаудан соң ғана ақшаны береді.
Ұлттық банктің жоспары бойынша, қаулы 2026 жылдың I тоқсанында күшіне енуі тиіс.