Жаңалықтар

Министрлік Қазақстандағы сиыр еті бағасына түсініктеме берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің өндірушілердегі көтерме бағасы 3 400–3 500 теңге аралығында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Ал елорданың сауда орындарында жеткізу және сақтау шығындары ескеріліп, бөлшек баға 3 700–4 300 теңгеге дейін жетеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына енгізілген қабырға-жауырын бөлігіне шекті сауда үстемесі 15%-дан аспайды. Сондықтан ол 3 100–3 400 теңге бағамен сатылады.

Өңірлерде де сиыр етінің бөлшек бағасы орта есеппен 3 500–4 300 теңге аралығында қалыптасқан.

Ал премиум санаттағы сиыр филесі, қалың және жіңішке жиегі, бел бөлігі мен жамбас еті секілді бөліктердің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді, нарықтық сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталады.