"Қайрат" футбол клубының әрі ұлттық құраманың қорғаушысы шаңырақ көтерді
Сүйінші жаңалықты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстандық футболшы, «Қайрат» клубы мен ұлттық құраманың қорғаушысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді.
Айта кетейік, 23 жастағы Дамир Алматыда дүниеге келген. Ол «Қайрат» сапында 2022 жылдың 6 наурызында Қазақстан премьер-лигасындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта алғаш рет алаңға шыққан.