Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
"Қазгидромет" РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 қыркүйек күні Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Әсіресе облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді деп күтілуде.
Сондай-ақ облыстың батысы, солтүстігі мен орталық аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мамандардың ескертуі бойынша, тұрғындар мен қонақтарға мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.