Жаңалықтар

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келеді

Тоқаевтың қатысуымен жасанды интеллект орталығы ашылады, деп хабарлайды arainfo.kz

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің хабарлауынша, 2025 жылғы 2 қазанда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Іс-шараның пленарлық отырысына Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қатысады. Бұл жаңалықты Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Рауан Жұмебек те растады.

Сонымен қатар жетекші сарапшылар мен технология көшбасшылары қатысады:

Омар Сұлтан Әл-Олама (БАӘ жасанды интеллект министрі),

Кай-Фу Ли (Sinovation Ventures),

Илья Стребулаев (Стэнфорд университеті),

Питер Норвиг (Google, Стэнфорд).

Отырысты Solana Foundation президенті Лили Лю жүргізеді.