«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
Алматы прокуратурасының қолдауымен «Көк кит» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Алматыда заманауи қоғамның ең өткір тақырыптарының бірі - интернеттегі балалардың қауіпсіздігін көтеретін «Көк кит» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм бүкіл ел бойынша ауқымды прокатқа шықты.
Фильмде қауіпті ойындар мен деструктивті контенттің жасөспірімдерге әсері, буллинг пен отбасылық мәселелер қозғалады.
«Көк кит» - мемлекеттік институттардың мәдениет пен өнер арқылы қоғаммен қалай сөйлесе алатындығының мысалы, қауіп-қатердің алдын алып, ең құнды болып табылатын – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.